Shejire

Қабырға өрнек

GelenekGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Қабырға өрнек – сәулет құрылысында ғимараттардың қабырғасының ішкі, сыртқы жағына салынған ою-өрнек түріндегі нақыштар. Қабырға өрнек фреска, желімді кескіндеме, темпера, бояулы және балауызды кескіндеме түрінде жасалады. Майолика, мозаиканың қабырғаға жасалатын түрлері де қабырға өрнекке жатады. Қабырға өрнек монументтік-декоративтік сипатта орындалса - шығармаға үлкен идеялық мазмұн, кең ауқымды жалпылауыш түр беруді көздейді. Сәндік сипатта орындалған қабырға өрнек нақышты ою-әрнекпен безендіруді, бедерлеуді мақсат етеді.

Ежелгі үлгілердің дамуы

Үңгірлерге салынған суреттер мен тастарға шекілген жануарлардың бейнелері қабырға өрнектің ежелгі үлгілеріне жатады. Қабырға өрнекпен әсемдеу б.з.б. 3-1-мыңжылдықтарда Ежелгі Мысырда, б.з.б. 2-мыңжылдықта Урартуда қанат жайып, орта ғасыр және қайта өркендеу дәуірінде Батыс Еуропада өркендей түсті. Қазақстан жеріндегі қабырға өрнекпен көмкерілген сәулет өнерінің ескерткіштері тек ою-өрнектік қабырға өрнекпен нақышталған. Бұл мұсылмандық орта ғасырда салынған Иран, Мауераннахр, Орта Азиядағы барлық сәулет қүрылыстарына тән ерекшелік. Айша бибі, Қарахан, Қожа Ахмет Ясауи ғимараттарының, кесенелерінің қабырғалары ою-өрнекпен, нақышты жазулармен көмкерілген. ХІХ ғасырдан бастап, әсіресе ХХ ғасырда қабырға өрнек өнері, сәулет құрылысында дами түсіп айрықша мән алды. Дәстүр сабақтастығын үзбеген сәулет қүрылыстарын безендірудің осы үлгісін ХІХ-ХХ ғасырлардағы ғимараттардан (Қазақ академия опера және балет театры, Қазақстан ҒА, т.б.), кейінгі жылдары салынған мешіттерден көруге болады.

Дереккөздер

Әдебиет

ҚР ҰМ – материалдарынан; ОМЭЭ – материалдарынан.