Пётр Петрович Нефёдов
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Пётр Петрович Нефёдов (29 қазан 1941, РКСФСР — 15 ақпан 2021, Қарағанды) — мемлекеттік қайраткер.
Өмірбаяны
1941 жылдың 29 қазанында Белгород облысындағы Сорокино қаласында туды. Қарағанды политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша аяқтады (1968). Техника ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының және Халықаралық Инженерлік академияның корреспондент-мүшесі (1993).
1968-1983 жылдары — "Қарағандыкөмір" ӨБ Костенко атындағы шахтаның көмекшісі, бастықтың орынбасары, учаске бастығы, бас инженердің орынбасары, бас инженер; 1983-1992 жылдары —"Қарағандыкөмір" ӨБ Қазан революциясының 50 жылдығы атындағы шахта директоры; 1992-1997 жылдары — Қарағанды облысының әкімі; 1997-1999 жылдары —Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі; 2000 жылы — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда Вице-министрі (04.2000-12.2000); 2001-2002 жылдары —Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар Вице-министрі; 2002 жылдан — Қарағанды қаласындағы "Карат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке жылқы зауытының иесі
Отбасы
Әйелі: Нефедова Валерия Алексеевна Балалар: ұлдары: Алексей (1966 ж. т.), Александр (1972 ж. т.)
Сілтеме
Нефедов Петр Петрович