Shejire

Өзкент

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Өзкент, Өгізкент – ортағасырлық қала, Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш.

Орналасқан жері

Жаңақорған ауданы, Ақжол ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10,1 км жерде.

Зерттелуі, сипаты

Теңіз деңгейінен биіктігі – 162 м. Ортағасырлық араб деректерінде Сырдарияның сол жағалауындағы сауда орталықтарының бірі болған қала ретінде жазылған. Қалашықты алғаш 1900 жылы В.А. Каллаур, 1969-1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.А. Ақышев), 2004 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тұран археологияылық экспедиция (жетекшісі М. Елеуов) зерттеген. Қаланың жобасы көпбұрышты, мықты қорғаныс қабырғасымен қоршалған. Сол қабырғалардың бойында 15 күзет мұнара орындары сақталған. Қалашықтың өлшемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 250-300 м. Қорғаныс қабырғасының сыртынан айналдыра қазылған ордың тереңдігі 2 м, ені 10 м шамасында. Қалаға кіретін қақпаның орны шығыс шетінде орналасқан, оның ені 8-10 м. Зерттеу барысында табылған заттар қаланың VIII-XII ғасырларда өмір сүргендігін көрсетеді.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
VIII-XII ғасырлар
Мәртебесі
Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
43°44′03″ с. е. 67°04′54″ ш. б. / 43.73417° с. е. 67.08167° ш. б. / 43.73417; 67.08167 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы