Ордакент
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ордакент – шағын қала орны.
Географиялық орны
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған темір жол стансасынан солтүстікке қарай 5–6 км жерде орналасқан.
Зерттелуі, сипаты
1967 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) барлау жұмыстарын жүргізген. Қала орны диаметрі 100 м болатын сопақша төбе. Шетінің биіктігі 4–5 м, орталық бөлігі 6–7 м-ге дейін. Қазба жұмыстары барысында қолдан жасалған қыш ыдыстар, астық, су сақтайтын үлкен хұмдар, құмыралар, құмғандар, т.б. заттардың сынықтары табылған. Бұл заттарға қарағанда Ордакент біздің заманыздың 1 ғасырында бой көтеріп, 8 ғасырға дейін жеткен, тұрғындары егін егіп, мал шамамен айналысқандығы аңғарылады.