Shejire

Ойыл

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ойыл — Ақтөбе облысы Ойыл ауданындағы ауыл, аудан және Ойыл ауылдық округі орталығы. Бұрын Адай уезінің орталығы болған.

Географиялық орны

Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 306 км-дей жерде, Ойыл өзенінің жағалауында, Барқын құмының батысында орналасқан.

Инфақұрылымы

Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, аурухана, дәріхана, сауда орындары, т.б. мекемелер бар.

Транспорты

Елді мекен арқылы Ақтөбе – Шұбарқұдық – Қандыағаш – Ойыл – Қобда - Қарауылкелді - Алға автомобиль жолы өтеді.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 5591 адам (2848 ер адам және 2743 әйел адам) болса, 2009 жылы 5340 адамды (2623 ер адам және 2717 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 6353 адамды (3253 ер адам және 3100 әйел адам) құрады.

Дереккөздер

Künye

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Ауданы
Ойыл
Облысы
Ақтөбе
Статусы
Аудан орталығы
Тұрғыны
▲6 509[1] адам (2023)
Уақыт белдеуі
UTC+5:00
Координаттары
49°04′16″ с. е. 54°39′46″ ш. б. / 49.07111° с. е. 54.66278° ш. б. / 49.07111; 54.66278 (G)&…
Ауылдық округі
Ойыл