Shejire

Нағима Замалеевна Хусаинова

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Нағима Замалеевна Хусаинова (21 қазан 1911, Қазан - 17 қараша 1971, Алматы) — қазақстандық биолог, биология ғылымының докторы (1958), профессор (1959), 1945 жылдан КПСС мүшесі. Қазан мемлекеттік университетін бітірген (1932). Қазан гидрометеорологиялық техникумында оқытушы (1930-32), Қазан мемлекеттік университетінің ассистенті және аспиранты (1933-35). 1935-60 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің зоология кафедрасының доценті, кафедра меңгерушісі, декан профессоры. Гидробиология және ихтиология кафедрасының меңгерушісі (1961-71).

Еңбектері

Хусаинованың негізгі ғылыми еңбектері су шаяндарының, насекомдардың, моллюскілердің, балықтардың систематикасын, экологиясын, зоогеографиясын және тоғандарда су жәндіктерін жерсіндіру кезінде болатын биоценоздық өзгерістерді зерттеуге арналған. 70 - тен астам ғылыми еңбектері (2 монография) авторы.

Сыйлықтары

"Құрмет белгісі", Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Қолданылған әдебиет

Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 61 бет

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Нағима Замалеевна Хусаинова
Жұмыс орны
ҚазҰУ
Туған жері
Қазан
Туған күні
21 қазан 1911 (1911-10-21)
Азаматтығы
Ресей империясы→ КСРО  Қазақ КСР
Ғылыми аясы
Гидробиология, ихтиология
Ғылыми дәрежесі
биология ғылымының докторы (1958)
Қайтыс болған жері
Алматы
Қайтыс болған күні
17 қараша 1971 (1971-11-17) (60 жас)