Shejire

Мыңжасар Әдекенов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Мыңжасар Әдекенов (1932-2005), ауыл шаруашылығының ғылым кандидаты (1971). Алматы зооветеринарлық институтын бітірген (1954). 1954-68 ж. Қу ауаткомы төрағасының орынбасары, аудандық ауыл шаруашылығы инспекциясының бастығы, Егіндібұлақ аупарткомының 2- және 1-хатшысы, Қарқаралы ауаткомының төрағасы, 1968-1999 ж. Қарқаралы ауданы Н. Әбдіров атындағы кеңшар директоры, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, агроөнеркәсіп комитеті мен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы, 1999-2005 ж. Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ қазақтың құйрықты қойларының жаңа тұқымдарымен селекциялық асыл тұқымды жұмыс жетекшісі қызметтерін атқарған. 20-дан аса ғылым еңбектің, 2 монофафияның авторы. Еңбек Қызыл Ту, 3 мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерімен маралатталған.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri