Shejire

Мұса Мырзағұлұлы Асайынов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Мұса Мырзағұлұлы Асайынов (1929 ж.т., Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Өскен а. — 1975, Көкшетау қ.) — ақын, әнші. Суырып салма өнерінің шебері. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1974). Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан. Халықтың салт-дәстүрін, айтыс өнерін, халық әндерінің орындалу мәнерін насихаттаушы. Көкшетау қаласынндағы мәдениет үйінің директоры болып қызмет істеген. Бала кезінен өлең шығарған. Облыстық айтыстарға (1943 — 64) қатысқан. Қазақстанның 50-жылдығы, Ж.Жабаевтың 125 жылдығына арналған айтыстарда Е. Әлібаев, Б. Тісенбаевамен болған айтыстары «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» мен «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы» кітаптарына енді.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri