Shejire

Моншақты асар

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Моншақты асар (б.д. V-ІХ ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш, көне қоныс орны.

Орналасқан жері

Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 48 км жерде, Сырдария өзені бойында орналасқан.

Сипаты

Жетіасар өңіріндегі қалалық қоныстардың бірі. Қаңлы мемлекеті кезеңіндегі қала мәдениеті ескерткіштеріне жатады. Екі-үш қабатты төбе. Ескерткіш қалдықтарының биіктігі 8 м, 18 га жерді алып жатыр. Бекінісі ирек жоспарлы. Б. з. д. 7 ғ – б. з. 8 ғ. аралығын қамтиды. Бірнеше мәдени қабаттардан тұрады. Моншақты асар арнайы жан-жақты зерттелмеген. Археологтар С.П. Толстов (1947, 1966) және Л.М. Левина (1970–1990) археологиялық зерттеулер нәтижесінде Жетіасар өңірінің мәдени-тарихи өміріне байланысты ішінара ғылыми тұрғыдан пікір айтқан.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
б.д. V-ІХ ғғ.
Мәртебесі
Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
45°04′53″ с. е. 64°15′12″ ш. б. / 45.08139° с. е. 64.25333° ш. б. / 45.08139; 64.25333 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы