Міртөбе
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Міртөбе – ортағасырлық қала.
Географиялық орны
Түркістан облысы Түркістан қаласынан 35 км жерде орналасқан.
Зерттелуі
1951 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген.
Сипаты
Міртөбе 10 мұнаралы дуалмен қоршалған төрт бұрышты алаң, ауданы 45х45 м, биіктігі 5 м. Солтүстік жағы 20 м-дей еңіс. Алаңқайды қоршаған дуалдың биіктігі 3 м. Сауран қаласын сумен қамтамасыз ететін жер асты кәріз жүйесі аршылды. Кәрізді Сауран тұрғындарына жергілікті дінбасылар уәкілі Мір-Араб сыйға тартқан, осыған орай қала Міртөбе деп аталған. Міртөбедегі кәріздің бұлақтары, Васифидің айтуынша, Саураннан бір фарс жерде болған, оның үстінен қамал салынған. Міртөбе 16 – 18 ғасырларға жатады.