Shejire

Михаил басағы

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Михаил басағы — айлауықтар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Жетісу (Жоңғар) Алатауында: Шолақтауда және Қызылауыз шатқалында кезде-седі. Биіктігі 40 см-дей. Көптеген сабақтары бар. Тамыр түбіндегі жапырақтары ұзын сағақты, доғал, жиектерінде кірпікшелері бар. Күлтелері көкшіл түсті, жалпақ қоңырау тәрізді шеттері қайырылған. Мамыр-маусымда гүлдеп, маусым-шілде айларында жеміс салады. Жаңғақшалары қанат жеміс. Тұқымынан көбейеді. Сирек кездесетін эндемикалық түр, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Дереккөздер