Shejire

Мейіров Балтабай Мейірұлы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Балтабай Мейіров портреті
Байтула Ержан · CC0

Балтабай Мейірұлы Мейіров (1914, Алтықарасу, Ойыл ауданы, Ақтөбе облысы — 9 желтоқсан 1973, Шолаққорған, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) — тұңғыш қазақ зоотехник, ауыл шаруашылығы саласының маманы, қоғам қайраткері. Еңбек жолында қаракөл қой шаруашылығын дамыту, асыл тұқымды мал өсіру ісіне үлес қосқан. Ұлы Отан соғысының ардагері. «Ленин» және «Құрмет белгісі» ордендер мен 4 медальдардың иегері.

Өмірбаяны

Балтабай Мейірұлы Мейіров 1914 жылы қазіргі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданына қарасты Алтықарасу ауылында дүниеге келген. 1925–1932 жылдары Ойыл, Ақтөбе және Орал қалаларындағы мектептер мен институт курстарында білім алды. 1932–1933 жылдары Мәскеу қаласындағы Инженерлік институт жанындағы жұмысшы факультетінің ветеринариялық курсын тәмамдады. Кейін сол жылы Мәскеу зоотехникалық институтының қой шаруашылығы факультетіне түсіп, оны 1937 жылы аяқтады. Еңбек жолын 1937 жылы Өзбек КСР-нің Қарақалпақ АССР-ы Төрткүл қаласындағы Зоналық ғылыми станцияда аға ғылыми қызметкер ретінде бастады. 1937–1941 жылдары Қарақалпақ облысы Қаттақорған ауданы мен Бұхара облысының «Тамды» совхоздарында зоотехник және партия ұйымы хатшысы қызметтерін атқарды. 1941–1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, 91 және 120 минометшылар дивизиондарында комиссар болды. 1943–1946 жылдары Қарақалпақ облыстық партия комитетінің түрлі бөлімдерін басқарды, ал 1946–1948 жылдары Қыпшақ аудандық атқару комитетінде жұмыс істеді. 1948–1950 жылдары Ташкент қаласындағы Өзбекстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебін бітіріп, 1950–1953 жылдары Бұхара облыстық партия комитетінде хатшы болып қызмет етті. 1953–1963 жылдары Бұхара облысындағы «Тамды» және Самарқан облысындағы «Киров» совхоздарының директоры болды. 1963–1973 жылдары Шымкент облысы Созақ ауданының «Калинин» атындағы совхозында бас зоотехник болып еңбек етті.

Ғылыми және кәсіби жетістіктері

Еңбек еткен жылдары қаракөл қой шаруашылығы мен асыл тұқымды мал өсіру ісіне ерекше көңіл бөліп, сұрыптау бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Кеңес Одағындағы Ленинград және басқа қалаларда өткен мал шаруашылығы көрмелері мен бағалы тері аукциондарына қатысқан.

Марапаттары

Мейіров Балтабай Мейірұлы келесі ордендер және медальдармен марапатталған:

«Ленин» ордені (1958) «Құрмет белгісі» ордені (1966) «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалі «Германияны жеңгені үшін» медалі «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 20 жылдығы» медалі «В.И. Лениннің 100 жылдығына ерен еңбегі үшін» медалі КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Социалистік еңбек үздігі» белгісі Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің бірнеше Құрмет грамоталары

Қоғамдық қызметі

Қарақалпақ АССР Жоғарғы Кеңесінің, Өзбек КСР-ның облыстық және аудандық кеңестерінің, сондай-ақ Қазақ КСР-ның жергілікті кеңестерінің бірнеше шақырылымдарының депутаты болған.

Жеке өмірі

Жұбайы — Мейірова Әмина Бекқалиқызы (1919–2000). Отбасында жеті бала тәрбиелеп өсірген. Балтабай Мейірұлы 1973 жылы 9 желтоқсанда өмірден өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Шолаққорған кентінде жерленген.

Сілтемелер

Рекордтар кітабына енген Мейіров Балтабай Мейірұлы КИнЭС рекордтар кітабына мерейлі 25 жыл

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Мейіров Балтабай Мейірұлы
Жұбайы
Мейірова Әмина Бекқалиқызы
Мамандығы
зоотехник, қоғам қайраткері
Туған жері
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Алтықарасу ауылы
Туған күні
1914 (1914)
Азаматтығы
 Қазақстан
Қайтыс болған жері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы
Қайтыс болған күні
9 желтоқсан 1973 (1973-12-09)
Марапаттары мен сыйлықтары
Ленин ордені, Құрмет белгісі ордені, басқа медальдар