Маусымжан
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Маусымжан– қазақтың халық биі. Музыкалық өлшемі 2/4. Алғаш рет Қазақ мемлекеттік филармониясының би ансамблінде (қоюшы Ш.Жиенқұлова) қойылды. Бишілер әсем қимылмен сұлу қыздың көркін, нәзік сымбатын бейнелейді. Кейіннен жеке бишінің орындауында (қоюшы Ш.Жиенқұлова) да қойылды. “Маусымжан” биі көркемөнерпаздар үйірмелерінің репертуарынан тұрақты орын алған.