Shejire

Машақайтөбе

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Машақайтөбе – ортағасырлық қалашық, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылынан солтүстікке қарай 1,5 км жерде орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

1936 жылы КСРО ҒА Қазақ бөлімшесі мен ММТИ экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы, 1986 жылы Ш.Уәлиханов атындағы ТАЭИ-дың тарихи және мәдени ескерткіштері жинағының археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов, М. Қаратаев) зертеген. Қоныстың табанының ұзындығы 73 м, биіктігі 5-5,5 м. Үстіндегі алаңның ауданы 30-32 м. Жоғарғы қабатындағы зират қабірлерінен шығарылған топырақ арасынан құмыра тәрізді сыры жоқ қыш ыдыстардың сынақтары кездеседі. Табылған заттарға қарағанда Машақайтөбе қонысын халық VII-VIII ғасырларда мекен еткен.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
VII-VIII ғасырлар
Мәртебесі
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
43°06′12″ с. е. 71°12′27″ ш. б. / 43.10333° с. е. 71.20750° ш. б. / 43.10333; 71.20750 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы