Shejire

Марденов

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Марденов Жүкен Баймұханбетұлы (12.12.1934 ж.т., Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жаңа аттаныс а.) — әскери қайраткер, генерал-майор. Алматы мемл. шет тілдер ин-тын бітірген (1956). 1961 — 68 ж. МҚК Павлодар облысы басқармасында оперативтік қызметкер болды. 1968 — 79 ж. Қазақ КСР МҚК орт. аппаратында, 1979 — 83 ж. МҚК Көкшетау және Шығыс Қазақстан облысы басқармаларында жұмыс істеді. 1983 — 87 ж. Қазақстан МҚК Бірінші (барлау) басқармасының бастығы, 1987 — 90 ж. МҚК Целиноград облысы басқармасының бастығы, 1990 ж. Қазақ КСР МҚК төрағасының кадр жөніндегі орынбасары, 1991 ж. Қазақстан МҚК барлау бөлімінің бақылаушысы болды. “Құрмет белгісі” орденімен, бірнеше медальмен марапатталған. С. Арғынғазин

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Сілтемелер