Shejire

Марат Шәріпұлы Шәріпов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Марат Шәріпұлы Шәріпов (1942-1997), гидрометаллургиялық үдерістердің физикалық-химиялық негіздері саласындағы маман, химия ғылымдарының докторы (1995). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1968 жылы ҚазКСР ҒА Органикалық катализ және электрохимия институтыңда бастады. 1970 жылы ҚазКСР ҒА Қарағанды химия-металлургия институтына ауысты. 1976-1985 жылдар аға инженер, ғалым хатшы және ионалмастырушы үдерістер зертханасының меңгерушісі. 1985 жылдан Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, кафедра меңгерушісі, кванттық және физикалық химия кафедраның профессор қызметтерін атқарды. 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Шығармашылығы:

Термохимия частичногидратированной окиси меди (1973); Очистка электролита в условиях Балхашского комбината (1982); Исследование сорбции катионов меди, железа и никеля на КУ-2-8 и гидратации их в фазе ионита (1985).

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri