Манфред
KişiGüncelleme: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Манфред (Manfred) (1232 жыл — 26 ақпан 1266 жыл, Беневенто маңы, Неаполитан корольдігі), Сицилияның королі (1258-66).. Некесіз туған бала, II ФРИДРИХТІҢ ұлы, Италия мен Сицилияда викарий болды, таққа оның өгей ағасы IV Конрад отырды, бірақ Конрад өлгеннен кейін, Манрад Сицилия тәжіне қол жеткізді. Сицилия тағына ағылшындық үміткерді отырғызу үшін Рим папасы VI Александрға қарсы күресті. Папаның әскерін талқандағаннан кейін 1258 жылы Манфред король болды. Солтүстік Италия гибеллиндерінің (ГВЕЛЬФТЕР МЕН ГИБЕЛЛИНДЕР) жақтаушысы болды. Рим папасы IV Урбан Карл Анжуйды (кейін I КАРЛ) Сицилияның королі етіп жариялады, Манфред Карл әскеріне қарсы шайқаста қаза табады.