Shejire

Манап Хасенов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Манап Хасенов (1 мамыр 1915, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Бапақ ауылы – 26 қазан 1998) – филология ғылымдарының докторы (1972).

Өмірбаяны

ҚазПИ-ді (1948, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген. Осы оқу орнында доцент (1948–1954) 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ғылым академиясының әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметтер атқарған.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін зерттеуге арналған. Көптеген оқулықтар мен кітаптардың:

«Жазушы және өмір» (1958); «Ұнамды образ және типтендіру» (1966); «Дәуір және жазушы» (1968); «Иса Байзақовтың ақындығы мен стильдік ерекшелігі» (1976); тағы басқа) авторы.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri