Мамлют
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Мамлют, Мәуліт — Солтүстік Қазақстан облысындағы қала (1969 жылдан), Мамлют ауданының (1932 жылдан бастап) және Мамлют қалалық әкімдігі орталығы, темір жолы бекеті.
Географиялық орны
Облыс орталығы — Петропавл қаласының батысына қарай 40 км-дей жерде, орманды дала аймағында орналасқан.
Халқы
Тұрғыны 7478 адам (2009).
Тарихы
Ресейден қоныс аударушыларға байланысты 1814 жылы іргесі қаланды.
Инфрақұрылымы
Мамлют қаласының әлеуметтік-мәдени саласында 3 жалпы білім беретін мектеп, лицей-мектеп, 3 кітапхана, мәдениет үйі, аудандық аурухана, 2 дәріхана, т.б. бар.
Кәсіпорындары
Мамлютте ұн тарту комбинаты, агроөндірістік кешеннің «Голден Грейн» бөлімшесі, орман шаруашылығы кәсіпорны, т.б. жұмыс істейді. Мамлютка арқылы Оңтүстік Сібір темір жол мен республикалық маңызы бар Қостанай — Петропавл автомобиль магистралі өтеді.