Shejire

Лұқпан Қылышұлы Қылышев

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Лұқпан Қылышұлы Қылышев (14.3.1909 жыл, Шыңғырлау ауданы - 1991 жыл, Алматы) — ғалым, Биология ғылымдарының докторы (1957), профессор (1959), Қазақстан FA-ның корреспондент-мүшесі (1959), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974).

Өмірбаяны

ҚазПИ-ді бітірген (1935). 1942 жылдан Қазақстан ҒА-да (1946 жылға дейін КСРО FA-ның Қазақ Филиалы) Ботаника институтының Биохимия зертханасын (1944-1952) 1952-1955 жылдары осы FA-ның Ботаника бағының директоры. Молекулалық биология және биохимия институтының алколоидтар биохимиясы зертханасын (1983-1986) басқарды 1986 жылдан сонда ғылыми кеңесші.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылым еңбектері өсімдіктер биохимиясына арналған.

Алколоидтар (пиридин, хинолизидин, изохинолин) мен фенол қосылыстары биосинтезі саласында іргелі зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін өндіріске енгізді ғылымға беймәлім жаңа ферменттер (анабазиноксидаза, никотин және лупининдегидрогенеза) ашып, оларға сипаттама берді көміртегімен таңбаланған алколоидтер алу әдісін тапты; республиканың оңтүстігінде өсетін иілік өсімдіктер мен құрамында аллколоидтары бар өсімдіктердің өнеркәсіптік қорын анықтап, оларды ғылыми тұрғыдан бағалады итсигек пен дәрмененің мәдени плантацияларын жасау әдістері Шымкент химия-фармацевтикалық зауытындағы өндірістік қалдықтарды органикалық тыңайтқыш және отын ретінде пайдалану жолдарын анықтады; Өсімдіктерінің тұздан улануы механизмін ашты.

Марапаттары

«Халықтар Достығы» орденімен бірнеше медальмен марапатталған. БҚО Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында Лұқпан Қылышев атындағы ОЖББМ бар.

Шығармалары

Биология анабазиса безлистного, А.-А., 1961; Микробиологические окисления анабазиса, А.-А., 1977; Флавоноиды растений, А.-А., 1978 (авторларының бірі).

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri