Shejire

Ләззат Оразханқызы Асанова

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Lyazzat Asanova Komsomol Membership Card, 1985 (Almaty Museum)
Yakov Fedorov · CC BY-SA 4.0

Ләззат Оразханқызы Асанова (27 шілде 1970, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылы — 25 желтоқсан 1986, Алматы) — Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны.

Өмірбаяны

1985 жылы Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. Алматыда 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға (қазіргі Республика алаңы) алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам қатарында А-ға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып, (Көтеріліске қатысып ұсталғандар жөніндегі Қазақ КСР ІІМ-нің құжаты, (1211-177, 23.02.1990) қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған да, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана А. жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың ерлігіне арналған ән (“Қаһарман қыз — Ләззат қыз”. Музыкасын жазған Жоламан Тұрсынбаев, өлеңі — Абдрахман Асылбектікі), ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Ләззат Оразханқызы Асанова
Ұлты
Қазақ
Әкесі
Асанов Оразхан
Білімі
П.Чайковский атындағы музыкалық училищесі
Туған жері
Ақжазық ауылы, Панфилов ауданы, Алматы облысы
Туған күні
27 шілде 1970 (1970-07-27)
Толық есімі
Асанова, Ләззат Оразханқызы
Осы үшін белгілі
1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының құрбаны
Қайтыс болған жері
Алматы