Shejire

Күйікқала

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Күйікқала қалашығы (I-IX ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археологиялық ескерткіш, көне қала орны.

Орналасқан жері

Қазалы ауданы, Кәукей ауылынан батысқа қарай 14 жерде, Жаңадария мен Қуаңдария өзендерінің аралығында, Жанкент көне қаласынан 18-20 км жерде орналасқан.

Сипаты

1946 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С.П. Толстов) зерттеген, 2006 жылы Шірік Рабат археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж.Қ. Құрманқұлов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген. Ескерткіш жоспарында бұрыштары мен кіріңкі жерлері доғаланып жасалған тікбұрыш пішінді, аумақтық өлшемдері 145х290 м. Солтүстік бөлігінде цитадель (50х50 м) бар. Қалашық ені 10 болатын терең емес ормен және қам кесекті қабырғамен қоршалған. Үстінен күл қабаты және сынған ыдыстардың (күңгірт-сұр және қызыл-қоңыр ангоб), қола бұйымдардың сынықтары, моншақтар кездеседі. Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген, тек 1946 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы жоспарын жасап, мерзімін анықтаған.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
I-IX ғғ.
Мәртебесі
Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
45°14′50″ с. е. 61°35′04″ ш. б. / 45.24722° с. е. 61.58444° ш. б. / 45.24722; 61.58444 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы