Көшпелі мемлекеттердің сипаты
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Қазақстан аумағындағы түркі тілдес халықтар мемлекеттілігінің әлеуметтік-экономикалық және саяси билік деңгейіне, белгілеріне төмендегідей сипаттама беруге болады. Көшпелі және жартылай көшпелі аймақтарда: 1. Әскери ұйым мен әскери-әкімшілік басқару жүйесі болды. 2.Дәстүрлі рулық-тайпалық ұйымдар сақталып қалды (патриархаттық отбасы — ру — тайпа — ел — мемлекет). 3.Билік жүргізуші ақсүйек топтарының қатаң иерархиясы қалыптасты (Рубасы — тайпа көсемі — елбасы — үлес билеушісі — мемлекет басшысы). 4.Билік мұралық жолмен беріліп отырды. "Сатылы" және "тікелей мұрагерлік" қағидасы қолданылды. 5.Мәдени-әлеуметтік дамудың жоғары көрсеткіші — әлемдік діндердің таралуы, ортақ тіл мен жазу пайда болды. 6.Әр түрлі шаруашылық-мәдени үлгілердің бірігуі байқалды: а) көшпелі немесе жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болуы жағдайында; ә) жартылай отырықшы егін шаруашылығының қолөнермен үштастырылған түрінің қатар өмір сүруі. 7.Әкімшілік, сауда, қолөнер, мәдениет орталығы ретінде қалалар дамыды.