Shejire

Көбей Шахметұлы Хұсайынов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Көбей Шахметұлы Хұсайынов (27 наурыз 1945 жыл, Алматы- 30 наурыз 2018 жыл, сол жерде) – тіл білімі маманы, филология ғылымдарының докторы (1988), профессор.

Өмірбаяны

ҚазМУ-ды (1968, қазіргі ҚазҰУ) және Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институты ың аспирантурасын (1971) бітірген. Қазақстан ғылым академиясының Тіл білімі институтында кіші, аға ғылыми қызметкер (1971–1978), ғалым-хатшы (1978–1982), аға ғылыми қызметкер (1982–1992), институт директорының орынбасары (1992–1995), директоры (1995–2009) болды. 2009 жылдан бас ғылыми қызметкер.

Еңбектері

Ғылыми еңбектері қазақ тілінің келелі мәселелеріне арналған. «Қазақ тіліндегі атаулардың дыбыс бейнелеуіштігі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Көбей Шахметұлы Хұсайынов
Жұмыс орны
Қазақстан ғылым академиясы
Туған жері
Алматы, Қазақ КСР
Туған күні
27 наурыз 1945 (1945-03-27)
Азаматтығы
 Қазақстан КСРО
Ғылыми аясы
филология
Ғылыми атағы
профессор
Несімен белгілі
Ғылыми еңбектері қазақ тілінің келелі мәселелеріне арналған
Ғылыми дәрежесі
филология ғылымдарының докторы