Shejire

Кішімүрде

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Кішімүрде (VII-XIII ғғ.) – орта ғасырлардағы қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Жамбыл ауданы Бесағаш ауылының оңтүстік-батыс жағында 1 км жерде орналасқан.

Сипаты

Кішімүрдені 1940 жылы Жамбыл археология пунктінің экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеген. Қоныстың қазіргі аумағы 25x21 м, биіктігі 2,5-3 м. Айналасы бекініспен қоршалған. Бұзылған бөлмелердің құрылыс жүйелері сақталған. Зерттеу кезінде бүйірі шығыңқы, кең мойыны конус тәрізді, шүмегінің астында мойынының негізіне дейін созылған қолқасы бар көзелер табылған. Олардан басқа үлкен жөне кіші құм, саптаяқ, тостаған, шырақ тегене, түрлі ыдыс қалдықтары шыққан. Табылған материалдарға қарағанда Кішімүрде тұрғындары б.з. VII-XIII ғасырларда өмір сүрген. Олар егін, мал шаруашалығымен айналысқан.

Дереккөздер

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Künye

Қалануы
VII-XIII ғасырлар
Мәртебесі
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
42°48′05″ с. е. 71°24′34″ ш. б. / 42.80139° с. е. 71.40944° ш. б. / 42.80139; 71.40944 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Жамбыл облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…