Келінтөбе қалашығы
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Келінтөбе қалашығы – б.з.б. VII-VIII ғасырлардағы ежелгі қала орны.
Орналасқан жері
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км жерде, Сырдарияның сол жағалауында орналасқан.
Сипаты
Қала көлемі 100×75 м, тік бұрышты, биіктігі 10 м төбе. Қаланың кіреберіс қақпасы шығыс жағында болған. Қала орнын 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.М. Байпақов) зерттеген. Қалашықтан ас дайындайтын, сусын ішетін қыш ыдыстардың сынықтары және азық-түлік сақтайтын күбі, көзелер табылды. Олардың жасалу тәсілдеріне қарағанда, қала тұрғындары б.з.б. VII-VIII ғасырларда өмір сүрген. Егін, мал шаруашылығымен айналысқан.
Әдебиет

Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б., Древний Отырар, А.-А., 1972.