Shejire

Камалов Сухан Мақсұтұлы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Сухан Мақсотұлы Қамалов (21 желтоқсан, 1935 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында туған) — ғалым. Геологиялық-минералогия ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі (2003 жылдан). ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаттары ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен «Парасат ордені»нің иегері. Орал қаласының Құрметті азаматы.

Еңбек жолы

Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2003). ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Орал геологиялық барлау экспедициясында геолог, экспедиция бастығы, «Оралмұнайгазгеология» бірлестігінің бас директоры (1959–1964), КСРО Геология министрлігінде бас геолог (1965–72), Ақтөбе экспедициясы (1972–75) мен Орал мұнай-газ барлау экспедициясының бас геологы, бастығы, «Оралмұнайгаз» бірлестігінің директоры (1976–90), Қазақстан Геология және жер қойнауын қорғау комитеті төрағасының 1-орынбасары (1990–92), Қарашығанақ газ кәсіпшілігінің бас директоры (1993–94) қызметтерін атқарған. 1994 жылдан Орал қаласындағы «Газжобалау» ғылыми-жобалау инстиутының президенті. Қамаловтың ғылыми еңбектері Батыс Қазақстан аймағындағы мұнай және газ кендерін зерттеуге арналған. Қарашығанақ мұнай және газконденсат ін ашуға үлес қосқан. Сондай-ақ Әукетайшағыл, Болғанмола, ТепловТокарев, Батыс Теплов және Каменка мұнай және газ орындарының геологиясын зерттеген.

Мемлекеттік марапаттары

1989 жылы Геологиялық-минералогия ғылымдарының докторы; профессор құрметті ғылыми атақтары берілді. 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі; КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені; КСРОның «Қазан төңкерісі» Ордені; 1999 жылы тәуелсіз Қазақстанның «Парасат ордені»н алды. 2007 жылы ғылым саласындағы ерен еңбектері үшін елбасының өз қолынан жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапатталды. Орал қаласының Құрметті азаматы.

Шығармалары

Геология и нефтегазоносность Карачаганакского месторождения, Саратов, 1958; Строение и перспективы подсолевых отложений Северо-Восточной части Прикаспийской впадины и вопросы их полеоморфологического изучения, А., 1975.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Камалов Сухан Мақсұтұлы
Туған жері
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы
Туған күні
21 желтоқсан 1935 (1935-12-21) (90 жас)
Азаматтығы
 Қазақ КСР Қазақстан
Альма-матер
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ғылыми аясы
Геология, Минералогия
Марапаттары
Барыс ордені
Ғылыми дәрежесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Академигі. Геологиялық-минералогия ғылымдарының докторы, профессор
Қайтыс болған күні
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).