Shejire

Исалық

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Исалық – Арғанаты тауының оңтүстік бөлігіндегі қыстау. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Қорғасын ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 км жерде. Теңіз деңгейінен 500 метрдей жоғары орналасқан. Маңында Елқонды бұлағы, Қызылқұдық құдығы, Жамантас, Итауыз, Аққоян, Құласу қыстаулары бар. Солтүстігінен Бозай, оңтүстігінен Тамды өзендері ағып өтеді. Қыстау мал жайылымына пайдаланылады.

Дереккөздер