Shejire

Іңкәрқала

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Іңкәрқала (б.д.д. ІV-ІІ ғғ.) – Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштер тізіміне енген археологиялық ескерткіш, ежелгі елді мекен орны.

Орналасқан жері

Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 88,5 км жерде орналасқан.

Сипаты

Ежелгі елді мекен 1958 жылы Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясымен (жетекшісі С. П. Толстов) зерттелген. Қалашық шаршы пішінді, аумағының өлшемдері – 35х35 м. Қаланың сыртқы көрінісі тік төртбұрышты, айналдыра биіктігі 1,5-1,7 м келетін дуалмен қоршалған. Дарбазасы оңтүстік жағындағы дуалдың ортасына салынған. Қазба барысында табылған көзелердің сынықтарына қарағанда, қала тұрғындары б.д.д. ІV-ІІ ғасырларда өмір сүрген. Олар суғармалы егін шаруашылығымен және мал өсірумен айналысқан.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
б.д.д. ІV-ІІ ғғ.
Мәртебесі
Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші
Орналасуы
44°03′26″ с. е. 62°58′24″ ш. б. / 44.05722° с. е. 62.97333° ш. б. / 44.05722; 62.97333 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы