Shejire

Иманбазар Қазанғапұлы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Иманбазар Қазанғапұлы (1876–1943) — халық ақыны. Абайдың шәкірті. Абай аулымен көршілес Қызылмола болысында туып өскен. Әкесі Қазанғап Қынашұлы мұсылманша, орысша сауатты, көзі ашық, еліне сыйлы адам болған. Туған ауылында медресе ашып, бала оқытқан, Меккеге 3 рет қажылыққа барған. Иманбазар әкесінің тәрбиесін көріп, ауыл молдасынан хат танып, кейін Семейдегі 5 кластық медресені бітірген. Өз жанынан өлең шығарып, Абай өлеңдерін өз бойына сіңіріп өскен. Иманбазар ұлы ақынмен Шыңғыстауда танысады. Бұл кездесу шығармашылық достыққа ұласқан. Иманбазар ел басқару қызметіне араласып, Қызылмола болысы № 1 старшындық аулының, одан кейін болыстық халық соты болып қызмет істеген. Осы қызметі үшін 1900 жылы Шыңғыс болысының басқарушысы, досы Мағауия Қүнанбаевпен бірге дала генерал-губернаторлығының мақтау қағазын алған. Абаймен кездескеннен кейін қазақ өмірінің көкейкесті мәселелерін қозғайтын шығармалар жазған. Тұңғыш өлеңдері 1888–1889 жылдары «Дала уәлаятының газетінде» жарияланған. Абайға еліктеп лирикалық өлеңдерден, эпиграммалар мен арнаулар, ақынның тапсыруымен «Әнибал» (1909), «Алтын сақина» (1911) дастандарын жазған. «Әнибал» 1909 жылы Қазандағы ағайынды Каримовтар баспаханасынан «Қисса-и Әнибал» деген атпен жеке кітап болып басылып шыққан. Иманбазар Абайдың ұлы Мағауиямен жақын дос болып, хат алысып тұрған. Мағауия қатты ауырып жатып, қайтыс болардың алдында Иманбазарға өлеңмен хат жазған. Иманбазар өзі өлерінің алдында көптеген кітаптар, қолжазбаларын т.б. хаттармен құжаттарын зиратының маңына сенімді кісілеріне көмдірткен. Бірақ 1960 жылы Алматыдан барған археологиялық экспедиция бұл қүнды мұраны таба алмай қайтты. 1941 жылы шілдеайында Иманбазар Семейде еткен облысаралық халық ақындары слетіне қатысқан. Ақын мүрдесі өзінің ата қыстауы Қазанғап қажы қорасындағы әке зиратына жерленген.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Иманбазар Қазанғапұлы
Қызметі
Ақын
Туған күні
1876
Қайтыс болған күні
1943