Shejire

Ілияс Манкин

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ілияс Манкин (13 қаңтар 1880 жыл, қазіргі Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы – 13 қазан 1950, Қарағанды) — қазақ халық ақыны. Манкин қазіргі Қарағанды облысының Нұра өзені бойындағы Ботақара деген жерде туған. Ол мұсылманша сауат ашқан еді. Ақындық жолға түсуіне себепші болған нағашысы Соңтуған ақын еді. «Қобыланды», «Алпамыс», «Қыз Жібек» қиссаларын жаттап, жиын-тойларда айтатын болған. 1900 жылы Спасск мыс зауытында, Қарағанды шахтасында жұмыс істеген. Өлеңдері «Қарағанды пролетариаты» (кейіннен «Советтік Қарағанды») газетінде жарияланған. «Нұра бойын жағалап», «Қайысты қабырғасы жұмысшының», «Көмір ері», «Қимылда кеншілер», «Алтынды Қарағанды даңқың артты» шығармаларының, «Қуат қашқын», «Лұқпан хакімнің өсиеті», «Кара соқырдың жорығы», «Бекболат» дастандарының авторы. Манкиннің өмірі мен шығармашылығы жайында "Қазақ әдебиетінің тарихында» (1-том, 2-кітап, А, 1964) Б.Ысқақов жан-жақты зерттеп жазған.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri