Иірбала
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Иірбала — Семейтау тауының батысындағы қыстау. Абай облысы Семей қалалық әкімдігіне қарасты аумақта, Знаменка ауылының оңтүстік-батысында 19 км жерде орналасқан. Шаған және Мырзабек өзендерінің аңғарында жатыр. Батысында Тұзащытөбе тауымен шектеседі. Маңында бірнеше ұсақ көлдер бар. Қыстау, мал жайылымы ретінде пайдаланылады.