Shejire

Иданфирс

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Иданфирс (б.з.б. 516 ж.) — сақ тайпаларының билеушісі, қолбасшы. Түркі тілінде Иданфирс ерекше, әйгілі, аса қабілетті дегенді білдіреді. Геродот Иданфирстің әкесі Саули (Савлий) немере туысы Анахарсисты ежелгі гректердің салт-дәстүрін сақтар арасында енгізбек болған әрекеті үшін садақпен атып өлтірген деп жазады. Иданфирстің I Дарийдің сақ даласына жасаған жорығы тұсындағы ерлігі жөнінде ежелгі грек, көне парсы, араб елдерінің жазбаларында айтылады. Геродот өз еңбегінде Иданфирс пен I Дарийдің кездескендегі тілдесуін әсерлі етіп баяндай отырып, сақ қолбасшысынан I Дарийдің де қашып құтылғанын жазады.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri