Хромтау
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Хромтау — Ақтөбе облысындағы қала, Хромтау ауданының орталығы (1967 жылдан бері).
Географиялық орны
Облыс орталығы - Ақтөбе қаласынан шығысқа қарай 86 км жерде, Мұғалжар тауының солтүстік етегінде, Ойсылқара (Сарымырза) өзені бастауындағы дөңесті жерде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 21740 адам (10211 ер адам және 11529 әйел адам) болса, 2009 жылы 24089 адамды (11630 ер адам және 12459 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 29579 адамды (14532 ер адам және 15047 әйел адам) құрады.
Тарихы
Іргесі 1940 жылы Дөң хромит кен орнының игерілуіне байланысты жұмысшы кенті ретінде қаланған.
Кәсіпорындары
Қаладағы негізгі кәсіпорындар: «Дөң кен байыту комбинаты» және «Дөң мұнайбаза» АҚ-дары. Одан басқа қалада «Керамика» АҚ, «Рахат-21», «Сауда орталығы», «Әділ фирмасы» ЖШС-тері, «Бек» ӨК, т.б. шағын жеке кәсіпкерліктер («Егізбаев», «Наурызбаев», т.б.) жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы
Әлеуметтік салада жалпы білім беретін 6 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 3 балабақша, Кеншілер мәдениет үйі, клуб, пошта, телеграф жүйелері, 100 орындық шипажай және т.б. бар. Хромтау арқылы республикалық маңызы бар Қандыағаш — Алтынсарин — Жітіқара — Қостанай темір жол және Қарабұтақ — Темірбек Жүргенов — Денисовка — Қостанай автомобил жолы өтеді.