Shejire

Гүлмира Райынбекқызы Кәрімова

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Нагрудный знак «Почётный работник образования Республики Казахстан».
User:Kei · Public domain

Гүлмира Райымбекқызы Кәрімова (13 тамыз 1977, Петропавл — 26 қаңтар 2023, Астана) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, мұғалім, Сенат депутаты (2023—2023). Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Өмірбаяны

1977 жылы 13 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавлда дүниге келді.

Білімі

1998 жылы Солтүстік Қазақстан университетін “Бастауыш сынып мұғалімі”, 2008 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін “Қаржы” және 2016 жылы Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің магистратурасын “Мұғалім білімі” бағытында тәмамдады.

Мансабы

1998—2001 — Петропавл қаласындағы “Қалалық классикалық гимназия” мемлекеттік мекемесінде бастауыш сыныптардың мұғалімі; 2001—2002 — Петропавл қаласындағы № 20 орта мектебінде бастауыш сыныптардың мұғалімі; 2002—2004 — Петропавл қаласындағы “Әл-Фараби” мектеп-лицейінде” бастауыш сыныптардың мұғалімі; 2004—2006 — Петропавл қаласындағы “Әл-Фараби” мектеп-лицейі” директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары; 2006—2010 — Петропавл қаласындағы “Әл-Фараби” мектеп-лицейі” директорының бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары; 2010—2013 — Петропавл қаласындағы № 17 жалпы білім беретін мектеп-ұлттық жаңғыру кешенінің директоры; 2013—2017 — Петропавл қаласы білім бөлімінің басшысы; 2017—2021 — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша білім басқармасының басшысы; 2021—2023 — Қазақстан Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы; 2023—2023 — Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты. 2023 жылы 27 қаңтарға қараған түні миокард инфарктысынан қайтыс болды.

Марапаттары мен атақтары

Ерен еңбегі үшін медалі; Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Гүлмира Райынбекқызы Кәрімова
Білімі
1) Солтүстік Қазақстан университеті2) Көкшетау университеті3) Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті
Ізашары
Ерік Сұлтанов
Қызметі
Шенеуніктік
Ізбасары
Әсем Рахметова
Азаматтығы
 КСРО→  Қазақстан
Қайтыс болуы
26 қаңтар 2023 (2023-01-26) (45 жас) Астана, Қазақстан
Дүниеге келуі
13 тамыз 1977 (1977-08-13) Петропавл, Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО
Премьер-Министр
Асқар Мамин Әлихан Смайылов