Shejire

Ғақаш Зәкиұлы Бияшев

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Ғақаш Зәкиұлы Бияшев (10 қазан 1906 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қамысты ауылы – 20 қараша 1987 жыл, Алматы қаласы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1947 жыл), профессор (1949 жыл), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1967 жыл), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1971 жыл).

Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген (1931 жылы). 1931–36 жылы Аққабақ тәжірибе станциясында ғылыми хатшы, Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Ташкент қаласы) ғылыми қызметкер, аспирант 1936–50 жылы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары 1950–57 және 1961–65 жылдары Қазақ Мемлекеттік Унивеситетінде (қазіргі Қазақ ұлттық университеті|Қазақ Ұлттық Университеті) кафедра меңгерушісі 1957–61 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының вице-президенті 1965–78 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Ботаника институтының директоры 1978–87 жылы зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері өсімдіктер генетикасы мен селекциясына арналған. Бияшев қант қызылшасы мен қоза биологиясын зерттеп, оларды Қазақстанда өсіру жүйесін жасады. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Шығармалары

«Культура сахарной свеклы в Казахской ССР» «Система земледелия в Казахстане» «Итоги ботанических исследований в Казахстане - 50-летию Октября» «Корреляция между весом корнеплодов и сахаристостью у дитетраплоидных сортолинейных гибридов сахарной свеклы. Сельскохозяйственная биотехнология»

Сыртқы сілтемелер

1. "БИЯШЕВ ҒАҚАШ ЗӘКИҰЛЫ" Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri