Shejire

Франктер империясының құрылуы және құлдырауы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

This painting belongs to the Portraits of Kings of France, a series of portraits commissioned between 1837 and 1838 by Louis Philippe I and painted by various artists for the Musée historique de Versailles.
Louis-Félix Amiel · Public domain

Қортық Пипин (лат. Pippinus Brevis, фр. Pépin le Bref) — Каролинг әулетінің негізін қалаған франктердің патшасы. Майордом Карл Мартелл 715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билігін жүргізді. 741 жылы Карл Мартелл өлген соң майордомдық оның баласы Қортық Пипиннің қолына түсті. Ол Меровингтерді құлатып, кароль атағын алуды аңсады. Бұл мақсатына жету үшін ол Рим папасының көмегіне жүгінді. Лангобардтардан қысым көріп жүрген Рим папасы франктердің көмегіне зәру еді. Сондықтан ол Пипиннің кароль атанғанына келісім берді. 751 жылы папаның келісімі бойынша, франк ақсүйектерінің Суассондағы жиналысында Пипин ресми түрде франктер каролі болып жарияланды. Ол 768 жылға дейін корольдік етті. Меровингтер әулетінің ең соңғы королі Хилдерик монастырьға қамауға алынып, сол жерде қайтыс болды. Қортық Пипин папаның жақсылығына жақсылықпен жауап қайтарды. Ол Италияға Лангобард корольдігіне қарсы екі жорық жасап, жаулап алған жерлерін рим папасына сыйлады. Ол жерде 756 жылы Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Римдегі қазіргі Ватикан сол "Пипин сыйлығының" жұрнағы болып табылады. Қортық Пипин франктер мемлекетіндегі жаңа аулеттің негізін қалады. Бірақ ол Пипиннің емес, оның әкесі Карл Мартеллдің атымен Каролингтер аулеті деп аталды. Ол әулеттің ең атақты королі Ұлы Карл болды. Ол 768-814 жылдары билік құрды. "Король" деген сөздің өзі соның атынан шыққан. Ұлы Карлдың билік құрған жылдарының бәрі соғыспен өтті. Ұлы Карл билігінің соңына қарай Франк корольдігі өзінің жер көлемі жағынан бұрынғы Батыс Рим империясына жақындады. 800 жылы Римде Карлға тәж кигізіліп, Папа оны император деп жариялады. Сөйтіп батыста жаңа империя өмірге келді.

Дереккөздер

Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы. 2003 жыл. С.Мәшімбаев, С. Тортаев, М Мәженова.

This painting belongs to the Portraits of Kings of France, a series of portraits commissioned between 1837 and 1838 by Louis Philippe I and painted by various artists for the Musée historique de Versailles.
Louis-Félix Amiel · Public domain
Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Франктер империясының құрылуы және құлдырауы
Анасы
Ротруда Трирлік
Әкесі
Карл Мартелл
Ізбасары
Ұлы Карл
Туған күні
714 ж.Жюпилл
Жерлеу рәсімі
Сен-Дени аббаттығы
Тәж кигізу рәсімі
Суассон мамыр 752 ж., Сен-Дени 28 шілде 754 ж.
Қайтыс болған күні
24 қыркүйек 768 ж.Париж
Тақта отыру жылдары
751–768