Фәтима Машанбекқызы Мұсабекова
TarihGüncelleme: 15.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.
Фәтима Машанбекқызы Мұсабекова (14.9.1926 жылы, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы – 4.4.1988, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1976), профессор (1979). ҚазПИ-ді (1948, қазіргі ҚазҰПУ) және аспирантурасын (1950) бітірген. Алматы шет тілдері институтында (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) оқытушы (1951–58), ҚазҰПУ-да доцент, кафедра меңгерушісі (1958–79) қызметтерін атқарды.«Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдер стилистикасы» атты тақырыпта докторантуралық диссертация қорғаған. Негізгі ғылми еңбектері қазақ тілінің пунктуациясы, стилистикасына арналған.
Дереккөздер
Cілтемелер
филология профессор доцент