Shejire

Есютин Владимир Сергеевич

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Нагрудный знак лауреата Государственной премии Республики Казахстан
User:Kei · Public domain

Владимир Сергеевич Есютин (15 шілде 1919, Верный, РКФСР — 20 шілде 1992, Алматы, Қазақстан) — ғалым, техникалық ғылымдар кандидаты. Қазақ тау-кен институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1948). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1948 — 50 жылы Новосибирск қалайы комбинатында рафинаттау цехының технологы, 1952 — 92 жылы Қазақстан ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, топ жетекшісі, лаборатория меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты металдарды вакуумда үздіксіз рафинаттау процестерінің теориялық заңдылықтарын, т.б. зерттеуге арналған. Есютиннің қалайы, қорғасын және кадмийді рафинаттаудағы жаңалықтары Қазақстан және Ресей кәсіпорындарында (Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты және Новосибирск қалайы комбинаты) қолданыс тапты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1985), КСРО-ның еңбек сіңірген өнертапқышы (1976). Ұлы Отан соғысы және Қызыл жұлдыз ордендерімен, медальдермен марапатталған.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Есютин Владимир Сергеевич
Туған жері
Верный, РКФСР
Туған күні
15 шілде 1919 (1919-07-15)
Қайтыс болған жері
Алматы, Қазақстан
Қайтыс болған күні
20 шілде 1992 (1992-07-20) (73 жас)