Shejire

Есіл

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Esil
Марат Ауэзов · CC BY-SA 4.0

Есіл — Ақмола облысы Есіл ауданындағы қала, темір жол бекеті, аудан және Есіл қалалық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны

Облыс орталығы — Көкшетау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 335 км жерде, Есілге құятын Қызылсу өзенінің сағасында орналасқан.

Халқы

Тарихы

Іргесі Ақмола — Қараталды (Ресей) темір жолын салуға байланысты 1939 жылы қаланды. 1955 жылы Есіл ауданының құрылуына орай бұрынғы Есіл кенті аудан орталығына, 1963 жылы қалаға айналды.

Река Ишим (Есіл)
Sibom · Public domain

Кәсіпорындары

Есілде темір-бетон бұйымдары мен құралымдар зауыты, құрылыс, көлік мекемелері, мұнай базасы, сыра зауыты, элеватор, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, баспахана жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Балалар бақшасы, 2 мектеп, техникалық лицей, музыка мектебі, Арқалық медициналық училищесінің бөлімшесі, мәдениет үйі, клуб, кинотеатр, кітапхана, стадион, аурухана, емхана, дәріхана, санитарлық-эпидемиологиялық станция, қонақ үйі бар. Тұрғындары Көкшетау, Астана, Қостанай, Арқалық қалаларымен темір жол және автомобиль жолдары арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Künye

Ел
 ҚазақстанҚазақстан
Ауданы
Есіл
Облысы
Ақмола
Статусы
Аудан орталығы
Тұрғыны
11 363[1] адам (2023)
Оң жағалау
  Пионерское • Жібек жолы • Астана • Талапкер • Қажымұқан • Арайлы • Төңкеріс • Қарамеңді батыр • Тасты • Петровка • Новочеркасское • Астраханка…
Сол жағалау
Приишимское • Есіл • Түрген • Аршалы • Ижевское • Арнасай • Елтоқ • Астана • Нұресіл • Раздольное • Жаңа Жайнақ • Мортық • Жаңаесіл • Родина • Кам…
Уақыт белдеуі
UTC+5:00