Shejire

Есет Роватұлы Әзербаев

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Есет Роватұлы Әзербаев (14. 1.1942 жылы туған, Башқұртстан, Федоров ауданы Раевка селосы) – экономика ғылымдарының докторы (2000), Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1987), КСРО Газ өнеркәсібі министрлігінің үздігі (1987).

Қызмет жолы

1964 жылы - Уфа мұнай институтын бітірген . 1965–1968 жж. - «Бұқара–Орал» газ құбыры тас жолындағы Домбар компрессор станциясында жұмыс істеген. 1968–1974 жж. - «Орта Азия-Орталық» магистральды газ құбыры Мақат ауданы басқармасында жауапты қызметтер атқарды. 1974–1981 жж. - салынып жатқан «Орынбор–Батыс шекара» газ құбыры Орал дирекциясының «Закаспийсктрансгаз» өндірістік бірлестігінде бас директор. 1981–1987 жж. - «Саратовтрансгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры. 1987–1989 жж. - арнайы іссапармен Ливияда жұмыс істеді. 1989–1997 жж. - Югтрансгаз» (Саратов) бірлестігі бас директорының орынбасары, Орал облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Батыстрансгаз» АҚ-ның президенті болды. 1997 жылдан «Батысгаз» АҚ-ның президенті.

Шығармалары

Перспективы и пути развития газовой промышленности в Казахстане, Уральск, 1998; Стратегия и социально-экономическая эффективность развития газовой промышленности Казахстана, Уральск, 1999.

Марапаттары

Еңбек Қызыл Ту (1974) Халықтар достығы (1986) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Жанұясы

Үйленген. Жұбайы - Әзербаева Валентина Михайловна,Ұлы - Рұстам (1967 ж. т.); қыздары - Әсия (1971 ж. т.),Лейла (1984 ж. т.). 4 немересі бар.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri