Shejire

Еренғайып Мәлікұлы Шайқұтдінов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Еренғайып Мәлікұлы Шайқұтдінов (10.5.1933, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қазан ауылы) – химия ғылымдарының докторы (1975), профессор (1976), ҚР ҰҒА-ның академигі (1994). Мәскеу Нәзік химия-технологиялық институтын (1956) және аспирантурасын (1962) бітірген. Қарағанды синтетикалық каучук зауытында технолог (1956–1958), ҚазҰУ-да аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1963–1978). Қазақ ұлттық техникалық университетінде проректор (1978–1994), ректор (1994-2000) болды. 2000 жылдан профессор қызметін атқарды. «Исследование в области радикальной сополимеризаций простых винилловых эфиров с некоторыми винилловыми мономерами» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 600-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. «Құрмет» (1998), «Парасат» (2004) ордендерімен марапатталған.

Шығырмалары

Простые виниловые эфиры в радикальной полимеризаций, А.-А., 1985; Новое о полимерах и их применений, А.-А., 1988; Физико-химические и биокибернетические аспекты онкогенеза, А., 1991; Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, А., 1995; Органикалық химия, А., 1999.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri