Shejire

Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедов

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедов (21 қыркүйек, 1903 жыл, Шымбай ауданы, Қарақалпақстан - 1990) - тарихшы, тарих ғылымдарының докторы (1973). Ғылыми еңбектері Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалысы т. б. мәселелерге арналды. 70-тен астам еңбек жазды. Ділмұхамедов 1950-53 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс туралы пікір таласы тұсында байыпты көзқарасын білдірді. Ермұхан Бекмахановтың еңбектеріне жаппай саяси айып тағудың дұрыс емес екендігін айтып, X. Айдарованың, А. Якуминнің, Т. Шойынбаевтың, С. Толыбековтің, М. Ақынжановтың, С. Нұрышевтің мақалаларына қарсы шықты. Бұл «Хан Кене» пьесасы үшін дәл сондай айып тағылып, солақай әсіре сыншылардың байбаламының астында қалған Әуезовті де қорғау деген сөз еді.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Елтоқ Ділімбетұлы Ділмұхамедов
Туған жері
Шымбай ауданы, Қарақалпақстан
Туған күні
21 қыркүйек 1903 (1903-09-21) (122 жас)
Азаматтығы
 Қазақстан
Ғылыми аясы
Тарих
Ғылыми дәрежесі
Тарих ғылымдарының докторы
Қайтыс болған жері
Алматы
Қайтыс болған күні
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).