Shejire

Дулат Исабеков

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

The state award of Republic Kazakhstan - the Gold star to a rank " the Hero of Work of Kazakhstan "
User:Kei · Public domain

Дулат Исабеков (20 желтоқсан 1942 жыл, Оңтүстік Қазақстан облысы – 21 ақпан 2025 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері (1992), Қазақстанның Еңбек Ері (2022).

Өмірбаяны

Дулат Исабеков 1942 жылғы 20 желтоқсанда, Арыс ауданының Ленин жолы ауылында дүниеге келген. Шыққан руы — қоңырат тайпасының Құлшығаш руы. Мектепті бітірген соң Ташкенттегі институтқа екі рет тапсырып, түсе алмаған. 1966 жылы Исабеков Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген. 1967–1968 жылдары ол Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор еді. 1968 жылдан 1970 жылға дейін ол Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор болса, 1971–1976 жылдары «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі қызметін атқарған. 1976–1980 жылдары «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі болған Исабеков 1980 және 1988 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет министр репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы еді. 1988 жылдан 1997 жылға дейін ол Қазақ теледидарының бас редакторы, «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы лауазымдарына ие болған. 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениеттану ғылым зерттеу институтының директоры. 2025 жылғы 21 ақпанда Дулат Исабеков Алматыда қайтыс болды.

Шығармашылығы

Алғашқы әңгімесі «Жолда», «Замандастар» атты жинақта 1963 жылы жарияланды. «Бекет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер» (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы басылды. Тандаулы повестері «Екі жиырма» (1983) деген атпен жарық көрді. Бір-қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары мажар, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. Исабековтің «Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңгі күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), т.б. пьесалары республика, облысы театр сахналарында қойылды. Тандаулы пьесалары «Жеті желкен» 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойын¬ша «Гауһар тас» (режиссер Ш.Бейсембаев, 1975), «Дермене» (режиссер Асанәлі Әшімов, 1986) көркем фильмдері түсірілді. «Мұрагерлер» пьесасы үшін оған Қазақстан Жазушылар одағында Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығы берілген (1985).

Отбасы

Нагрудный знак лауреата Государственной премии Республики Казахстан
User:Kei · Public domain

Дулат Исабеков филолог Нұрғайша Исабековаға үйленген еді. Олардың үлкен ұлы заңгер Естияр және егіз қызы мұғалім Айман мен фармацевт Шолпан бар еді. 2016 жылғы мәлімет бойынша Дулат Исабековтің екі немересі бар болған.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri

Künye

kişi
Дулат Исабеков
Ұлты
қазақ
Бағыты
драматургия, проза
Мансабы
жазушы, редактор
Туған жері
«Ленин жолы» ауылы, Арыс, Түркістан облысы, Қазақ КСР, КСРО
Туған күні
20 желтоқсан 1942 (1942-12-20)
Азаматтығы
 Қазақстан КСРО (1942–1991)
Марапаттары
.mw-parser-output .ts-Қатар{width:auto;border-collapse:collapse}.mw-parser-output .ts-Қатар td{padding-right:2px;padding-left:2px;text-align:center}.mw-parser-o…
Қайтыс болған жері
Алматы, Қазақстан