Досқожа
KişiGüncelleme: 14.09.2026
Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Досқожа (1801 - 1866) - жырау. Оның есімі "Кенесары қонысынан ауғанда Досқожаның айтқаны" деген жырымен елге мәлім болган. Жыр ата мекенін тастап ауа көшкен елдің туып өскен жерін қимай жылап айрылысқан қоштасуын бейнелейді. Жырда Сарыарқаның жасыл орманы, көгілдір таулары, көк үйірім көлдері мен өзендері көркем тілмен суреттеледі.