Shejire

Дмитрий Андреевич Зыков

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Дмитрий Андреевич Зыков (7.11.1892, Ресей, Тула облысы Скуратов стансасы – 30.1.1975, Алматы қаласы) – ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы (1940), профессор (1935), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1951), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1951). Воронеж ауылшаруашылығы институтын бітірген (1921). Қазақстан Егін шаруашылығы халкоматының бас агрономы (1929–30), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында кафедра меңгерушісі (1930–41; 1946–51; 1968–75), институт директоры (1941–46), Қазақстан ҒА Төралқасы жанындағы өндіргіш күштерді зерттеу кеңесінің төрағасы (1955–68) қызметтерін атқарған. Зыков мал азығын өндіру, егіншілік пен өсімдік өсіру мәселелерін зерттеп, ғылыми тұрғыдан қорытты, зерттеу нәтижелерін республиканың ауылшаруашылығы өндірісіне енгізді. Ауыспалы дақылдардың ғылыми негіздемелерін жасап, ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаңа сорттарын алды. Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri