Shejire

Дербісәлин Әнуар Жақсығалиұлы

KişiGüncelleme: 14.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Дербісәлин Әнуар Жақсығалиұлы (18 ақпан 1929 ж., Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қызылжар ауылы – 4 шілде 1986 ж., Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспонденция мүшесі (1983). ҚазПИ-ді (1950, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.

Ойыл орта мектебінің мұғалімі (1950–51), Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтының аспиранты (1951–54), Педагогика ғылыми-зерттеу институтында аға ғылым қызметкер (1955–58), Әдебиет және өнер институтында аға ғылым қызметкер (1958–76), бөлім меңгерушісі (1977–86) қызметтерін атқарған. Ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихының мәселелеріне арналған. Сондай-ақ, түркі жазба ескерткіштері мен қазақ ақын-жырауларының әдеби мұрасы туралы зерттеу еңбектердің авторы. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар, Шал, Көтеш, Абай, Ыбырай, т.б. ақын-жыраулардың әдеби мұраларын, «Оғызнама», «Мұхаббатнаме», «Қорқыт ата кітабы» сияқты көне қазыналарды зерттеуге елеулі еңбек сіңірді. «Октябрь алдындағы қазақ әдебиетінің (1990–1917 ж.) даму жолдары» деген тақырыпта докторлық диссертацияны қорғаған.

Сыртқы сілтемелер

http://www.aktobegazeti.kz/?p=330 Мұрағатталған 11 қарашаның 2017 жылы.

Дереккөздер

Soy ağacındaki yeri