Shejire

Дәмегүл Баялиева

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Дәмегүл Баялиева – (20.8.1950. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы) - филолог, ғалым. ҚазМУ-ді бітірген (1974). 1974 жылы С. Киров атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетінің қазақ журналистика кафедрасына аға лаборант, 1989 жылы журналистика тарихы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, мерзімді баспасөз кафедрасының доценті. Филология ғылымдарының кандидаты (2002), (диссертация тақырыбы «Қазақ ұлттық баспасөзінде салт-дәстүр, әдет-ғұрып мәселелерінің жазылуы»). Мерзімді баспасөз кафедрасында «Білім реформасы және баспасөз», «Баспасөзде ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып мәселелері» деген арнайы пәндер бойынша дәріс жүргізеді. «Баспасөзде салт-дәстүр, әдет-ғұрып мәселелері», (1989); «Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық мәдениет, салт-дәстүр және тіл, стиль мәселелері» оқу құралдарының авторы.

Дереккөздер