Shejire

Былқылдақ

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Былқылдақ – лирикалық би. Тәттімбеттің “Былқылдақ” күйінің желісіне (Е.Г. Брусиловскийдің өңдеуімен) қойылған.

Би ерекшелігі

Жылдам екпінді. Музыкалық өлшемі 2/4 және 3/4. Былқылдақ биі билеушінің қол қимылдарының пластикасына құрылған өрнекті би.

Тарихы

Бидің алғашқы нұсқасын (1934; “Қыз Жібек” музыкалы драмасында) балетмейстер А.А. Александров қойған. Алғаш рет 1936 жылы Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде халық артықшылығы Шара Жиенқұлова орындады. Бір (1954), екі (1956) және төрт (1984) бишіге арналған нұсқаларын балетмейстер Д. Әбіров жасады. 1965 жылы бұл бидің 3-нұсқасын Жиенқұлова қойды. “Былқылдақ” биін қазақ бишілері (Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Ф. Жолымбетова, А. Мәжікеева) шет елдерде (Венгрия, Моңғолия, Польша, Канада) орындады.

Дереккөздер