Shejire

Бұзықтөбе

TarihGüncelleme: 15.09.2026

Bu makalenin seçtiğin dilde çevirisi yok — ana dildeki sürüm gösteriliyor.

Location map of Kazakhstan
File:Kazakhstan location map.svg: NordNordWest derivative work Виктор_В · CC BY-SA 3.0

Бұзықтөбе (І-ХV ғғ.) – ортағасырлық қала, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Ақтөбе ауылынан 1 км оңтүстік-шығыста, Бөген өзенінің жағасында орналасқан.

Деректер

Ертедегі егіншілердің қонысы ретінде қалыптасып, VI-VIII ғасырларда қалаға айналған. X ғасыр шамасында Бурук деп аталған. Ортағасырлық автор әл-Мақдисидің жазбаларында қала ірі сауда орталығы болғаны айтылады. XIV ғасырдың соңы мен XV ғасыр деректерінде ол Шелек деген атпен белгілі. Қала тіршілігін 15 ғасырдың I-жартысында тоқтатқан.

Сипаты

View of the Mazar of Shaikh Ahmad Yasavi in the Town of Turkestan. This image comes from the Russian Illustrated Magazine 'Niva' and was originally published c.1879.
Public domain

Бұзықтөбені алғаш 1951 жылы А.Н. Бернштам, 1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы зерттеген. Қазба жұмысы кезінде қаланың I-XI ғасырлар аралығында болғанын білдіретін көптеген археологиялық материалдар: қыш ыдыстар, шыныдан жасалған заттар, теңгелер табылды. Төбе үш бөліктен: цитадель, шаһристан және рабадтан тұрады. Орталық бөлігінің құлаған орнының аумағы 300x190 м, биіктігі 7-8 м, оңтүстік бөлігінде орналасқан цитадельдің аумағы төменгі жағында 90 м, үстіңгі жағындағы тегіс алаңның аумағы 35 м, биіктігі 13 м. Қаланың жобасынан оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығысында бір-біріне қарама-қарсы орналасқан екі қақпаның (жалпақтығы 10-15 м) іздері байқалады. Шахристанды қоршаған қорғаныс қабырғасының құлаған орындары сақталған. Оның сыртынан терең ор қазылған. Рабадтың территориясынан бір-біріне жалғастыра салынған қарапайым тұрғын үйлер мен оларды бөліп жатқан көшелердің іздерін көруге болады.

Әдебиет

Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б., Древний Отрар, А.-А., 1972.

Дереккөздер

Künye

Қалануы
І-ХV ғасырлар
Орналасуы
42°47′09″ с. е. 68°43′49″ ш. б. / 42.78583° с. е. 68.73028° ш. б. / 42.78583; 68.73028 (G)&…
Қазіргі жері
 Қазақстан, Түркістан облысы
Батыс Қазақстан
Ақтөбе-Лаэти | Жайық | Сарайшық | Шерғала
Шығыс Қазақстан
Астұр | Бенжар | Дамурия | Дахлан | Сарауыс
Орталық Қазақстан
Алашахан | Аяққамыр | Басқамыр | Көк кесене | Орда-базар
Оңтүстік Қазақстан
Адахкес | Аққорған | Алмату | Аркук | Асанас | Баладж-от | Баршынкент | Битянь | Екіөгіз | Жанкент (Янгикент) | Жент | Жетіасар | Жуантөбе (Арсубаникет) | Жікіл…
Солтүстік Қазақстан
Ақкөл-Жайылма (Әулиекөл) | Бозоқ | Қаған-Қимақ | Қимақия | Сисан | Торғай